Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
Қазір боксшының командасы Хамза Ширазбен келіссөздер жүргізіп жатыр.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының (16-0, 11 КО) жекпе-жегіне қатысты тағы бір мәлімет пайда болды, деп хабарлайды Malim.kz.
Қазіргі уақытта Жәнібектің командасы WBO нұсқасы бойынша міндетті қарсылас британиялық Хамза Ширазбен келіссөздер жүргізіп жатыр. Екі тараптың промоутерлері екі рет келіссөздер уақытын өзгертуді сұрады. Енді олар 11 қарашаға дейін шешімді айтуы керек.
Шираздың промоутері Фрэнк Уоррен журналист Майкл Бенсонге берген сұхбатында Хамза 22 ақпан күні Эр-Риядтағы бокс кешінде өнер көрсететінін айтқан. Сол күнгі кештің басты жекпе-жегінде аса ауыр салмақ өкілі Даниэль Дюбуа IBF атағын сарапқа салмақ. Алайда Уоррен Шираздың қарсыласының есімін нақтылаған жоқ.
Фото: sports.kz