Жәнібектің оныншы жеңісі

Malim Админ

  • 27.06.2021

Кәсіпқой бокстан жүрген Жәнібек Әлімханұлы бұрынғы әлем чемпионы 30 жастағы америкалық Роб Брантты жеңді. Бұл туралы Мalim.kz сайты хабарайлды.

Жекпе-жек Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтті. Бокс кешінің басты жекпе-жегінде украиналық Василий Ломаченко (14-2, 10 КО) жапониялық Масаеши Накатанимен (19-1, 13 КО) кездеседі. Ломаченко жапондық боксшыны басымдылықпен жеңді.

Жәнібек өнер көрсететін 72,6 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі бәсеке 10 раундқа жоспарланған. Қазақ боксшысы алтыншы раундта америкалықты нокдаунға түсірді. Сегізінші раундтан кейін Бранттың бапкерлер құрамы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

Бұл Әлімханұлының он жекпе-жектегі оныншы және мерзімінен бұрынғы алтыншы жеңісі. Брант үшінші рет жеңіліп отыр, оның қоржынында 26 жеңіс бар. 

Әлімханұлы өнер көрсететін орта салмақта IBF және IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы - тағы бір қазақ боксшысы Геннадий Головкин.

Жәнібек ӘЛІМХАНҰЛЫ 1993 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Белгілі бапкер Мұрат СИҚЫМБАЕВТАН бокс әліппесін үйренген. Әуесқой бокста Азия, Азия ойындары мен Әлем чемпионатын жеңіп алған. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. 2016 жылы кәсіпқой боксқа ауысты.

Фото: twitter.com

Байланысты жаналықтар

Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

15.04.2025

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

14.04.2025

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

13.04.2025

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

13.04.2025

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

12.04.2025

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды

12.04.2025
MalimBlocks
Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду жылына кем дегенде 350 миллион еуро табыс табады

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды