Жанқош Тұраров қырық сылтау айтып, тергеуге келмейді – Әнару Құрманәлінің адвокаты

Боксшының тергеуден қашып жүргені белгілі болды

Сабина Асқарқызы

  • 21.11.2024

Танымал кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың үстінен арыз түсірген Әнару Қалдыбектің адвокаты Ләззат Ахатова мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Адвокаттың айтуынша, боксшы тергеуге келуден жалтарып, түрлі сылтау айтып жүр.

«Әнарудың ісіне келсек, тергеу органы жанын салып, істі жан-жақты зерттеп жатыр. Тергеуші де, полиция бөлімінің басшысы да жаңадан тағайындалған. Алайда Жанқош Тұраров кімге сеніп жатқанын білмейміз, күнде қырық сылтау айтып, шақырғанға келмейді. Біресе адвокаты қалада емес, біресе өзі «қатты ауырып жатыр-мыс». Әйелі айтқандай, «аппақ» болса, келіп, өз уәждерін айтып, дәлелдерін ұсынбай ма? Оны мәжбүрлі түрде алдырту туралы талап қойдық», - деп жазды Ләззат Ахатова.

Байланысты жаналықтар

«Ажыраспадыңдар ма?»: Жанқош Тұраровтың әйелі көпшілікті алаңдатқан сауалға жауап берді

17.10.2024
MalimBlocks
«Ажыраспадыңдар ма?»: Жанқош Тұраровтың әйелі көпшілікті алаңдатқан сауалға жауап берді

Боксшының әйелі даулы оқиғадан кейін оқырмандарымен сырласты