Заңсыз айналымдағы 13 тоннаға жуық есірткі тәркіленді

Маусым айының басында «Қарасора» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.

Malim Админ

  • 13.08.2024

Маусым айының басында «Қарасора» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Кең ауқымды операцияның негізгі мақсаты — құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсірумен, сақтаумен және тасымалдаумен айналысатын адамдарды анықтау.

— Тамыз-қыркүйек айларында есірткіні заңсыз жинау және дайындау ықтималдығы артады. Себебі бұл кезде есірткі өсімдіктері өсіп жетіледі. Сондықтан операцияның ең белсенді кезеңі басталды. Жедел топтар осындай өсімдіктер өсірілетін аймақтарға мониторинг жүргізіп, арнайы рейдтік іс-шаралар өткізеді, — деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті.

Жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында тікұшақ техникасы, пилотсыз ұшу аппараттары қолданылады, «Бүркіт» жауынгерлері жұмылдырылады. Әуе арқылы барлау жүргізіледі.

Алматы және Жетісу облыстарының аумағында 20 реттен астам тікұшақ арқылы барлау жүргізілді. Сондай-ақ Түркістан, Қызылорда, Ұлытау облыстарының аумақтары да әуе арқылы тексерілді.

Ұшу нәтижесінде жалпы салмағы 1,2 тонна болатын 9 мыңнан астам қарасора бұтасы және салмағы 250 кг көкнәр өсімдігінің 4 мыңға жуық бұтасы тәркіленді. Қылмыс орнында 14 есірткі дайындаушы ұсталды, оның ішінде біреуі іздеуде жүрген.

Операция барысында 450 есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде 106 өткізу фактісі, 77 аса ірі мөлшерде сақтау фактісі, 43 контрабанда және құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсірудің 102 фактісі. Тек «Қарасора — 2024» операциясы кезінде заңсыз айналымнан 15 тоннадан астам есірткі тәркіленді, оның ішінде 1,3 тонна марихуана мен 29 кг гашиш бар.

— Алматы облысы Балқаш көлі маңында 7 есірткі дайындаушыдан тұратын адамдар тобы ұсталды. Оларда 5 мыңнан астам қарасора бұталары бар ірі есірткі плантациясы табылды. Негізгі күдікті құрамында есірткі бар өсімдіктерді егуге ұзақ дайындалғанын айтып, мойындау көрсетпе белгілерін берді. Көздегеніне жету үшін ол өз үйін сатып, түскен қаражатқа қажетті жабдықтар мен өсімдік тұқымдарын сатып алған. Бұл үшін ол 10 млн теңгеден астам ақша жұмсаған. Сондай-ақ маусымдық жұмысқа сыбайластарын шақырған. Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынды. Олар 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, — деп хабарлады ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті.

Фото: Polisia.kz.

Байланысты жаналықтар

Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

15.04.2025

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

14.04.2025

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

13.04.2025

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

13.04.2025

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

12.04.2025

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды

12.04.2025
MalimBlocks
Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду жылына кем дегенде 350 миллион еуро табыс табады

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды