Жастарды отбасылық өмірге қалай дайындау керек — ҚҚДИ әдістемелігі

  • 01.07.2021

«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты жастарды отбасылық өмірге дайындау бойынша әдістемелік ұсыныстар дайындады. Әдістемелік құрал мұғалімдерге, жоғары сынып оқушыларына, 1-2 курс студенттеріне сабақ беретін мамандарға арналған.

«Неке жасына жеткен бүгінгі жастар көп жағдайда отбасын құруға ұмтылмайды. Жастардың көбі отбасылық, ерлі-зайыптылық қарым-қатынастар туралы түсініктері түбегейлі өзгеріп, жеңіл қарауға көшкен. Нәтижесінде еркін қарым-қатынастар артуы салдарынан толық емес отбасылар санының өсуі байқалады. Сондай-ақ, неке серіктесіне қойылатын талаптар артқан. Осылайша бүгінде отбасы институты дағдарысты бастан кешіруде, ажырасулар саны өсіп, тіркелген некелер азайып жатыр", - дейді әдістемелік нұсқаулықты құрастырушылар.

 

Ұсынымдар психосексуалдық даму және репродуктивті денсаулық туралы білімді қалыптастыру, отбасындағы рөлдерді бөлу туралы идеялар, отбасылық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты зерттеу, Неке және отбасы туралы заңнаманың негіздерімен танысу, адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу, тұлғааралық қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеу сияқты аспектілерді қамтиды.

Оқу құралында пікірталастар, мамандардың дәріс-кеңестері, өзін-өзі диагностикалау сабақтары, видео презентациялар, танымдық ойындар және тағы басқа әдістемелер арқылы жастардың білімдерін арттыруға болатындығы айтылған.

Мысалы, әдістемелік құрадал "Махаббат пен достық туралы не білеміз", "10 Мен", "Дос іздеймін" жаттығуларын, "Комплимент" ойынын, "нағыз" еркек пен әйелге тән қасиеттерді құрастыруға арналған практикалық тапсырмаларды, "идеалды" жұптың портретін және жұбайына қажет қасиеттерді егжей-тегжейлі сипаттайды. Сондай-ақ жаттығулар қатарында И. Юнданың адамның отбасылық өмірге дайындығын бағалау сауалнамасы, "Айсберг – қақтығыста өзімді қалай ұстаймын" жаттығулары бар.

Сонымен қатар, барлық өңірлердегі отбасын қолдау қызметтерінің байланыс деректері, отбасы-неке қатынастары саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттар, сондай-ақ жас отбасыларға арналған тұрғын үй қатынастары саласындағы бағдарламалар, жеңілдіктер тізбегі ұсынылған.

«Қазіргі қоғамның маңызды мәселелерінің бірі – отбасы институтының маңыздылығын түсіну. Сондықтан қазіргі жағдайда отбасылық әлеуметтану және жеке тұлғаны тәрбиелеу қажеттілігі туындады. Өскелең ұрпақтың әлеуметтенуі, болашақ отбасылардың әл-ауқаты көбінесе осы аспектіні іске асыру сапасына байланысты», - делінген әдістемелік нұсқаулықта.

Осы тақырыптағы толық ақпаратты мына сілтеме бойынша таба аласыз. https://kipd.kz/ru/podgotovka-molodeji-k-semeynoy-jizni

Байланысты жаналықтар

Қазақстан боксшылары Ташкентте 4 алтын иеленді 

14.05.2023

Ташкенттегі әлем чемпионаты.  Қос боксшы жартылай финалда 

10.05.2023

Дохадағы әлем чемпионаты: Ұлттық құрама үшін әзірге нәтиже жоқ

10.05.2023

Әлем чемпионатында қазақ дзюдошылары жерге қарап тұр  

10.05.2023

Олимпиада жүлдегері Жамбыл облысының әкімінің үстінен Тоқаевқа шағым түсірді 

28.04.2023

Дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді

28.04.2023
MalimBlocks
Қазақстан боксшылары Ташкентте 4 алтын иеленді 

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында жалпы командалық есепте Өзбекстаннан кейін  екінші орынға тұрақтады

Ташкенттегі әлем чемпионаты.  Қос боксшы жартылай финалда 

Ширек финалдық сында бапкерлер сенімін толық ақтады

Дохадағы әлем чемпионаты: Ұлттық құрама үшін әзірге нәтиже жоқ

Бұған дейінгі үш күнде күрескен балуандардың нәтижесі аса мәз емес

Әлем чемпионатында қазақ дзюдошылары жерге қарап тұр  

Дохада дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатына Қазақстан Ұлттық командасы толық құрамда барған болатын. Алайда әлем біріншілігі ортасына таяғанына қарамастан үкілеп аттандырған татами шеберлері әлі жүлдеге қол жеткізген жоқ

Олимпиада жүлдегері Жамбыл облысының әкімінің үстінен Тоқаевқа шағым түсірді 

Ақжүрек Таңатаров Тоқаевқа өңірдегі спорт саласындағы жемқорлық туралы айтты

Дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді