457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жеңіл атлет Кристина Овчинникова халықаралық турнирде алтын олжалады

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Кристина Овчинникова Грекияның Ханья қаласында өткен халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Спортшы биіктікке секіру сайысында топ жарды. Овчинникова 190 сантиметр нәтижесін көрсетті.

Айта кетейік, отандасымыз Гумиде өткен Азия чемпионатында дәл осы көрсеткішпен бірінші орын алар еді. Алайда, ол жарысқа қатысушылар құрамына енбеген болатын.

Екінші орынды жергілікті спортшы Татьяна Гкусин (Грекия) - 188 сантиметр нәтижесімен иеленсе, қола медальді Стилиана Иоанниду (Кипр) - 188 сантиметр көрсеткішімен жеңіп алды.

Фото: ҰОК