Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Спортшыларға командада діни нанымдарын ашық көрсетуге тоқтау салынады

Құқық
Спортшыларға командада діни нанымдарын ашық көрсетуге тоқтау салынады

Туризм және спорт министрінің бұйрығымен Қазақстан Республикасының спорттық әдебі бекітілді. Бұйрық 8 шілдеде алғашқы ресми жарияланып, енді күнтізбелік он күн өткен соң, яғни 19 шілдеде қолданысқа енгізіледі.


Спорттық әдеп «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңның 7-бабы 65-2) тармақшасына, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сәйкес әзірленген және спортшылардың, жаттықтырушылардың, жаттықтырушы-оқытушылар мен спорт төрешілерінің мінез-құлығының негізгі ережелерін белгілейді.

Спортшылар, жаттықтырушылар, жаттықтырушы-оқытушылар және спорт төрешілері:

1) қоғамға жат мінез-құлық жағдайларына, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиетін және қоғамдық имандылықты қорлайтын алкогольдік, есірткілік немесе уыт-құмарлық мас күйінде болуына жол бермейді;

2) адал ойын және адал спорттық жарыс қағидаттарын сақтайды;

3) ұлттық командалардың өкілдеріне, қарсыластарына, көрермендерге және спорттық жарыстарды ұйымдастырушыларға спорттық іс-шараларда құрметпен қарайды;

4) басқа спортшылардың, волонтерлердің құқықтары мен қадір-қасиетін құрметтейді, сонымен қатар оларға қатысты кемсітушілікке жол бермейді және спорттық іс-шаралар мен марапаттау рәсімдері өтетін жерлерде саяси шерулерге қатыспайды;

5) өзінің спорттық беделіне зиян келтіруі мүмкін даулы жағдайлардан аулақ болады;

6) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимніне, сондай-ақ спорттық жарыстарға қатысушы елдердің мемлекеттік рәміздеріне ұқыпты және құрметпен қарайды;

7) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің музыкалық редакциясын, мәтінін біледі;

8) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындау кезінде Спорттық әдептің этикалық нормаларын ұстанады;

9) төреші шешіміне құрметпен қарайды және көпшілік даулардан аулақ болады;

10) спорттық жарыстардың қорытындысы бойынша алынған спорттық марапаттарға (кубоктарға, медальдарға, грамоталарға және дипломдарға) ұқыпты және құрметпен қарайды;

11) спорттық жарыстарда марапаттау рәсіміне қатысады;

12) спорттық жарыстарда, марапаттау рәсімі кезінде, ресми суретке түсіру және масс-медиамен жұмыс істеу кезінде спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық командасының немесе өзінің спорт клубының спорттық костюмдерінде болады;

13) спорттық іс-шараны жариялайтын масс-медиа өкілдерінің жұмысына құрметпен қарайды;

14) басқа спортшыларға еліктеу үшін үлгі ретінде өнер көрсетеді;

15) спорттық жарыстардың ережесін (регламентін) сақтайды.

Спортшыларға, жаттықтырушыларға, жаттықтырушы-оқытушыларға және спорт төрешілеріне мынадай тыйымдар салынады:

— оқу-жаттығу процесіне қатысы бар ақпаратты жария етуге;

— спорттық іс-шара кезінде немесе одан кейін былапыт сөздер мен нормативтік емес лексиканы, қорлау қимылдарын пайдалануға;

— спорттық жарыстардың немесе оқу-жаттығу жиындарының барысын себепсіз бұзатын немесе араласатын не Қазақстан Республикасының беделіне немесе имиджіне теріс әсер ететін кез келген әрекет немесе мінез-құлыққа;

— ым тілі мен мимиканы қоса алғанда, жазбаша немесе ауызша түрде спорттық іс-шараны өткізу алдында, өткізу кезінде және (немесе) өткізгеннен кейін қандай да бір адамға қауіп төндіруге;

— командада өзінің діни нанымдарын ашық көрсетуге және басқа адамдарды діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға және миссионерлік қызметпен айналысуға мәжбүр етуге. 

Фото: flickr.com 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу