freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

ШҚО әкімінің экс-орынбасары Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

Құқық
ШҚО әкімінің экс-орынбасары Жақсылық Омар 6 жылға сотталды
Видеодан скрин

Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омарға қатысты қылмыстық істі қарап, үкім шығарды, - деп хабарлайды  Malim.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Оған ірі көлемде алаяқтық жасады және ірі көлемде пара алды деген айып тағылды. 31 наурызда өткен жарыссөз барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушыға алты жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. 

3 сәуірде сот үкімді жариялады. Жақсылық Омар кінәлі деп танылып, оған мүлкі тәркіленіп, алты жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Естеріңізге сала кетейік, 2026 жылғы 13 ақпанда желіде Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді. Ол кезде ШҚО әкімдігі бұл туралы мәлімет жоқ екенін мәлімдеген болатын. Сондай-ақ "әкім орынбасары денсаулығына байланысты уақытша демалыс алды" деп хабарланған еді.

Ал бүгін сотта ол соңғы сөзін айтты. 
"Ойлануға уақытым жеткілікті болды. Ештеңені кері қайтару мүмкін емес екенін сезіну одан да қиын. Мен мемлекетке масыл болғым келмейді, керісінше өз үлесімді қосқым келеді. Қарызға батсам да, айыппұлды төлеймін. Түсіністікпен қарайды деп үміттенемін", - деді Жақсылық Омар соттағы соңғы сөзінде.


 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу