Солтүстік Қазақстан облысында танысын өлтіріп, мәйітін кереует астына жасырған 53 жастағы әйелге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Malim.kz.
Тергеу мәліметінше, оқиға 27 ақпанда Бескөл ауылында болған. Әйел мас күйде келген танысына балтамен екі рет соққы жасап, салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмған.
Оқиғадан кейін айыпталушы қан іздерін жуып, мәйітті бөлмедегі кереуеттің астына жасырған. Ол бірнеше күн бойы қалыпты өмірін жалғастырып, жұмысқа барып жүрген. Марқұмның туыстары полицияға жүгінгеннен кейін, тәртіп сақшылары әйелдің үйінен мәйітті тапқан.
Сот әйелді қасақана адам өлтірді деп танып, 14 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын ең жоғары қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.