freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

СҚО-да түзеу мекемесінің бастығы ұсталды

Құқық
СҚО-да түзеу мекемесінің бастығы ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің № 52 мекемесінің бастығы пара алды деген күдікпен ұсталды. Осы дерекке қатысты Kazinform сұрауына Ұлттық қауіпсіздік комитеті жауап берген, деп хабарлайды Malim.kz.

Көрсетілген факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз.  Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-тармағына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, — делінген хабарламада.

Ресми емес мәлімет бойынша, түрме бастығы сотталғанды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға ықпал ету үшін пара алуы мүмкін. 

Халық арасында «еркін қоныс» деп аталған № 52 түзеу мекемесі Қызылжар ауданы Ольшанка елді мекенінде орналасқан. 2024 жылдан бері колонияны полковник Рүстем Рахметов басқарған.

Сондай-ақ, жақында Қызылжар ауданы полициясы қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы да ұсталды. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті қазіргі уақытта осы дерекке қатысты тергеп-тексерулер жүргізіліп жатқанын мәлім етті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу