Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Су тасқыны кезінде миллиардтаған қаржы жиналған Перизат Қайраттың қоры жабылды

Қоғам
Су тасқыны кезінде миллиардтаған қаржы жиналған Перизат Қайраттың қоры жабылды

Әділет министрлігі Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 қоры таратылатынын  мәлім етті, деп хабарлайды Malim.kz.

Министрліктің мәліметінше, Перизат Қайрат басқарған «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоры 2021 жылдың 11 қазанында тіркелген. 

Осы жылдың 14 ақпанында Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына қордың мемлекеттік тіркеуін жарамсыз деп тану және мәжбүрлеп тарату туралы талап арыз түсткен. 

Сот талабын беруге Қаржылық мониторинг агенттігінің «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігін тіркеуді жою рәсіміне бастамашылық жасау туралы хаты негіз болды. Себебі бірлестік құру кезінде жойылмайтын сипаттағы, яғни сот шешімі бойынша заңды тұлғаны таратуға негіз болатын заңнамалық бұзушылықтарға жол берілген, - деп түсіндірді министрлік.

Сот кабинетінің мәліметі бойынша, сотталушыға 15 күн, яғни 7 наурызға дейін дәлелдермен қарсылық білдіруге уақыт берілген.

Фото: instagram.com/01pk

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу