Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Су тасқыны: Үкімет залалды өтеу мерзімін ұзартты

Экономика
Су тасқыны: Үкімет залалды өтеу мерзімін ұзартты

Су тасқынынан келтірілген залал үшін бизнеске өтемақы төлемдері келесі жылға дейін жалғасады. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды.

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев су тасқынынан зардап шеккендерге төленетін өтемақылар туралы есеп берді.

- Шамамен 10 млрд теңге көлемінде 150 айлық есептік көрсеткіш есебінде 21 880 отбасына келтірілген материалдық залал өтелді. Ал 34 мыңнан астам адам 12,6 млрд теңгеге 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде біржолғы төлем алды, - деді вице-премьер.

Тасқыннан зардап шеккен бизнес өкілдеріне де көмек көрсетілген.

- Шағын және орта бизнес субъектілеріне су тасқыны салдарынан келген мүліктік шығындарды өтеуге  615 өтінім мақұлданып,  10,2 млрд теңгеден астам қаражат төленді. Шағын және орта бизнестің шығындарын өтеу қағидаларының қолданылу мерзімі 2025 жылдың сәуіріне дейін ұзартылады, - деді Қанат Бозымбаев.

Осыған байланысты Үкімет төтенше жағдайлар үшін бюджетте алдын ала резервтік қор құруды ұсынды.

Фото: Time.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу