Әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан Құдайбергеннің жұбайы Ермахан Аймахан өнер жолындағы жаңа жаңалығын бөлісті. Ол Instagram парақшасында жаңа әнін шығарғанын хабарлады, деп Malim.kz тілшісі dalanews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ермаханның айтуынша, ән бүгінде барлық музыкалық платформаларда тыңдарманға қолжетімді. Жас өнерпаздың бұл қадамын әлеуметтік желі қолданушылары мен Димаштың жанкүйерлері жылы қабылдады.
Желі қолданушылары Ермаханға шығармашылық табыс тілеп, жас жұбайларға ақ тілектерін жазуда. Көпшілік олардың жарасымды жұп екенін айтып, отбасыларына бақыт пен береке тіледі.
"Махаббаттарыңыз мәңгі болсын", "Өте әдемі жұп! Отбасыларыңызға бақыт пен береке тілейміз" деген пікірлер де жиі жазылып жатыр.
Осылайша, Ермахан Аймаханның жаңа туындысы тыңдарман назарын аударып, көпшіліктің қолдауына ие болды.
Еске сала кетейік, танымал әнші Димаш Құдайбергеннің анасы Света Айтбаева әлеуметтік желідегі парақшасында қазақтың қыз ұзату дәстүріне қатысты жазба жариялаған еді. Сондай-ақ Света Айтбаева болашақ келініне қатысты өз пікірін білдірген болатын.
Димаш Құдайберген туралы
Димаш Құдайберген – қазақ өнерін әлемге танытқан ерекше дарын иесі, халқымыздың мақтанышына айналған әнші. Ол 1994 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Толық аты-жөні – Дінмұхаммед Қанатұлы Құдайберген. Өнерлі отбасында өскен Димаш бала кезінен музыкаға жақын болып, сахнаға ерте қадам басты. Әкесі мен анасының да өнер саласында танымал болуы оның шығармашылық қабілетінің қалыптасуына үлкен әсер етті. Бес жасынан бастап сахнаға шығып, түрлі байқауларда өнер көрсете бастады.
Димаш жастайынан-ақ өзгеше дауысымен тыңдарманды таңғалдырды. Оның басты ерекшелігі – кең дауыс диапазоны мен күрделі шығармаларды еркін орындау шеберлігі. Әнші бірнеше октавада ән айтып, классикалық, эстрадалық және халық әндерін жоғары деңгейде орындай алады. Ол қазақ, орыс, ағылшын, француз, қытай және басқа да тілдерде ән шырқап, әлемдік аудиторияның ықыласына бөленіп жүр.