freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Швеция Ресей ұшақтарын бақылау үшін жойғыш ұшақтарын көтерді

Әлем
Швеция Ресей ұшақтарын бақылау үшін жойғыш ұшақтарын көтерді
Фото: Thomas Imo/photothek.de/picture alliancе

Швеция әскери-әуе күштері 12 маусым күні Балтық теңізі үстінде байқалған Ресейдің Су-24 және Су-34 әскери ұшақтарын бақылау үшін JAS 39 Gripen жойғыштарын әуеге көтерді, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Швеция Қарулы күштерінің мәліметінше, Ресей ұшақтары елдің әуе кеңістігіне жақын аймақта ұшқан. Осыған байланысты екі жұп швед жойғышы көтеріліп, ресейлік ұшақтарды анықтау және бақылау операциясын жүргізген.

Ресми ақпаратқа сәйкес, оқиға барысында Швецияның әуе кеңістігі бұзылған жоқ.

Швеция Қарулы күштерінің өкілі Ханна Херлин бұл жағдайға алаңдаушылық білдіріп, Ресей ұшақтарының не себепті аталған аймақта болғаны белгісіз екенін айтты. Швед БАҚ-тарының хабарлауынша, ресейлік әскери ұшақтар Балтық теңізінің оңтүстік және солтүстік бөліктерінде тіркелген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу