freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шымкент көшесінде тағы да жаппай төбелес болып, күдіктілер ұсталды

Оқиға
Шымкент көшесінде тағы да жаппай төбелес болып, күдіктілер ұсталды
Фото: видеодан кадр

Шымкентте көшеде болған жаппай төбелеске қатысты үш адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Malim.kz Otyrar телеарнасына сілтеме жасап.

Бір топ жас көше бойында жанжал шығарып, арты жаппай төбелеске ұласқан.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан олардың жол үстінде кетіп бара жатқан көлікті тоқтатып, өзара қақтығысқаны анық байқалады. Оқиғаға куә болғандардың кейбірі төбелескендерді ажыратуға тырысқан.

Шымкент қалалық полиция департаменті бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабы негізінде қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Тәртіп сақшылары жанжалға қатысы бар барлық азаматтарды жедел түрде анықтап, ұстаған.

Алдын ала мәліметке сай, жол үстіндегі келіспеушілік ашық қақтығысқа айналып, қоғамдық тәртіпке және тұрғындардың қауіпсіздігіне қауіп төндірген. 

Қазір үш күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Құқық қорғау органдары әр қатысушының әрекетіне жеке құқықтық баға беріліп, кінәлілер заң аясында жауапкершілікке тартылатынын мәлім етті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу