Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шымкентте ХҚКО басшылығы жүргізуші куәлігін заңсыз берген

Оқиға
Шымкентте ХҚКО басшылығы жүргізуші куәлігін заңсыз берген

Қаржы мониторингі агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен жүргізуші куәліктерін жүйелі түрде заңсыз берумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты, - деп хабарлайды Mаlim.kz тілшісі. 

Тергеу барысында 2023–2024 жылдар аралығында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының №2 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының басшылығы Ж.Р. Мурашимов пен бірге бірқатар лауазымды тұлға жүргізуші куәліктерін алу рәсімін теориялық және практикалық емтихандардан өтпей заңсыз алу схемасын ұйымдастырғаны анықталды.

 Бұл "қызмет" үшін азаматтардан 150 мыңнан 400 мың теңгеге дейін ақша алынған.

Нәтижесінде 500-ден аса адам заңсыз жолмен жүргізуші куәлігін алған.

Қазір тергеу аясында 200 млн теңгеден астам сомаға бағаланған күдіктілердің мүлкіне - 2 жеке үй, 2 пәтер, 2 жер телімі және 10 автокөлікке тәркілеу мақсатында тыйым салынды.

Соттың санкциясымен 12 күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қылмыстық іс бойынша соталды тергеу жалғасып жатыр. 

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Айта кетейік, жүргізуші куәліктерін белгіленген тәртіпті айналып өтіп алу қоғамдық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіреді.

Бұл Шымкентте кейінгі жылдары жиілеген жол-көлік оқиғаларынан да байқалады. 2022 жылы мұндай оқиғалар саны 398 болса, 2024 жылы 878-ге дейін жеткен.

Фото: видео кадры 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу