Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шымкентте жолдағы төбелес адам өліміне әкелді

Оқиға
Шымкентте жолдағы төбелес адам өліміне әкелді
Фото: istockphoto.com

Шымкентте жол-көлік апаты жаппай жанжалмен аяқталып, салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқиға 20 қаңтарда Ерімбетов пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында болғаны туралы қала полиция департаменті хабарлады.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, көліктер соқтығысқаннан кейін жүргізушілер мен жолаушылар арасында жанжал туындаған. Төбелес барысында қатысушылар пышақ жарақатын алған.

Зардап шеккендердің бірі – 40 жастағы Шымкент тұрғыны – оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерек бойынша «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полицияның нақтылауынша, қазір күдіктілердің жеке басын анықтау және оларды ұстау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Іздеуге қала полиция департаментінің барлық күш-құралдары жұмылдырылған.

Бұған дейін оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланып, оқиға орнынан түсірілген бейнекадрлар да тараған. Құқық қорғау органдары ер адамның қаза тапқанын және жанжалдың мән-жайын ресми түрде растады.

Полиция оқиғаның куәгерлерін тергеуге көмектесу үшін қолда бар ақпаратты хабарлауға шақырады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу