Шымкентте жол сапасының жағдайы жақсара түскен. Былтырғы жылмен салыстырғанда жолдарды жақсарту бағытында жұмыстар қарқынды жүргізілген, деп хабарлайды Malim.kz.
Қала әкімдігінің мәліметінше, 2023 жылы 254 нысан немесе 232,7 шақырым жолға құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілсе, биыл жалпы қала аумағындағы көшелер желісінде 501 көшеде (365,8 шақырым) сондай жқмыс атқарылған.
Жыл қорытындысымен 424 көше, 1 көпір немесе 269,5 шақырым пайдалануға берілді. Биыл 20 нысанда немесе 59, 5 шақырым құрылыс-қайта құру жұмыстарына қаржы қаралып, 6 нысандағы 23,1 шақырым жол пайдалануға берілді, деп жазылған қала әкімдігінің мәлімдемесінде.
Ал күрделі және орташа жөндеу жұмыстарымен 310 көше немесе 227 шақырым қамтылып, 247 көше, 1 көпір немесе 167,1 шақырым пайдалануға берілген. Ағымдағы жөндеу жұмыстары 181 көше немесе 79,3 шақырымға жүргізілген.
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі