freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Таеквондодан Азия чемпионатында қазақстандықтар тағы екі медаль жеңіп алды

Спорт
Таеквондодан Азия чемпионатында қазақстандықтар тағы екі медаль жеңіп алды
Спортты дамыту дирекциясы

Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтіп жатқан таеквондодан Азия чемпионатының екінші жарыс күнінде қазақстандық спортшылар Эльдар Бірімбай мен Назым Махмұтова қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Әйелдер арасында 73 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Назым Махмұтова жартылай финалда Қытай спортшысы, Азия ойындарының жеңімпазы әрі Азия чемпионатының күміс жүлдегері Сун Цземен кездесті. Тартысты өткен жекпе-жек 1:2 есебімен қытайлық спортшының пайдасына аяқталды.

Ал 74 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Эльдар Бірімбай жартылай финалда ирандық Әмір Сина Бахтияриге есе жіберді. Кездесу есебі – 1:2.

Осылайша, Назым Махмұтова мен Эльдар Бірімбай Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының еншісінде үш қола медаль бар.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу