Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тағы бір боксшымыз жеңілді

Спорт
Тағы бір боксшымыз жеңілді

Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Серік ТЕМІРЖАНОВ үшін Токио олимпиадасы аяқталды. Боксшымыз 1/8 финалда америкалық Дюк РЕГАННАН ұтылды.

Серік Теміржанов баяғыда Бекзат САТТАРХАНОВ өнер көрсеткен 57 келі салмақта сынға түскен еді. Бұған дейін ол Венгриялық боксшы Ролан ГАЛОШТЫ жеңген болатын. Алайда бүгін 0:5 есебімен ойсыра жеңілді. Бұл осымен жарыстан шығып қалған үшінші боксшымыз. Бұның алдында 91 келіде фаворит болған Василий ЛЕВИТ және 69 келі салмақта өнер көрсететін Абылайхан ЖҮСІПОВ қарсыластарына жол берген еді.

«Қолымнан келгенше тырыстым, әлім жетпеді. Бар күшімді салдым. Не істей аламын, соның бәрін жасадым. Жанкүйерлердің үмітін ақтай алмағаным үшін кешірім сұраймын. Барымды салдым, бұйырмады», - деді Серік Теміржанов. 

Фото: olympic.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу