freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тағы да қайғылы жағдай. Ақтау гарнизонында сарбаз қаза болды

Оқиға
Тағы да қайғылы жағдай. Ақтау гарнизонында сарбаз қаза болды
pixabay.com

Маңғыстау облысындағы «Бейнеу» полигоны аумағында Құрлық әскерлерінің «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты мерзімді қызметтегі әскери қызметші қаза тапты. 

Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға жоспарлы далалық атыс жаттығулары кезінде болған. Қару қолдану барысында сарбазға оқ тиген.

Бас прокуратураның мәліметінше, 17 ақпанда Ақтау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметшінің қайтыс болу фактісі бойынша әскери-тергеу органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. 

Оқиға орнына Қорғаныс министрінің орынбасары, Бас әскери прокурор, Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу департаментінің бастығы барды.

Қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде, сараптамалар тағайындалды.

Іс бойынша процессуалдық прокурор айқындалды.

Істің тергелу барысы Бас прокуратура тарапынан бақылауға алынды.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етуге жатпайды.  

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу