Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тағы да сот: Перизат Қайрат үкімін жеңілдетуге тырысып жатыр

Қоғам
Тағы да сот: Перизат Қайрат үкімін жеңілдетуге тырысып жатыр

Астана соты қоғам белсендісі Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваның ісі бойынша апелляцияны қарайды, деп хабарлайды Malim.kz.

Соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, отырыс 24 қыркүйек күні сағат 14:30-да өтеді.

«2025 жылғы 24 қыркүйекте апелляциялық инстанция Перизат Қайрат пен оның анасы Алашбаева Г.-ның адвокаты берген апелляциялық шағымды қарайды», – делінген ресми ақпаратта.

Еске сала кетейік, 11 тамыз күні адвокат Арман Давлетяров Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваның мүддесін қорғап, апелляциялық шағым түсірген болатын.

Құжатта ол үкімнің күшін жойып, айыпталушыларды қылмыс құрамының болмауына байланысты ақтап шығуды сұраған.

Фото: instagram.com/01pk

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу