freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Таяу Шығыстағы шиеленіс Қазақстан экономикасына қалай әсер етіп жатыр?

Экономика
Таяу Шығыстағы шиеленіс Қазақстан экономикасына қалай әсер етіп жатыр?
Anadoly

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Таяу Шығыстағы ахуалдың Қазақстан экономикасына қалай әсер ететінін айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Экспорттық түсімнің 50 пайыздан және бюджет пен Ұлттық қор кірістерінің 30 пайыздан астамы мұнай есебінен қалыптасады. Сондықтан, жалпы алғанда, мұнай бағасы өскен кезде экономикалық белсенділік артады, яғни мұнай-газ секторының ЖІӨ-ге қосатын үлесі тұрғысынан алғанда Ұлттық қор мен бюджетке түсетін түсімдерді көбейтеді. Бұл бірден бола салмайтындығы түсінікті. Мұнай нарығында келісімшарттар алдын ала жасалады. Мұнда көп нәрсе бұл әскери қақтығыстың қанша уақытқа созылатынына байланысты болады, — деді Тимур Сүлейменов Ұлттық банкте өткен брифингте.

Оның айтуынша, мұнай бағасының өсуі ішкі нарықта валюта ұсынысының артуына да ықпал етеді.

Егер мұнай бағасы жоғары болып қала берсе, демек бұл экспорттық түсімнің өсетінін білдіреді. Экспорттық түсім көбейген сайын нарықта валюта ұсынысы да артады. Ал бұл басқа жағдайлар өзгермеген кезде теңгенің тұрақтылығын қолдайды, — деді ол.

Тимур Сүлейменов Таяу Шығыстағы әскери қақтығыстың әсері туралы сұраққа жауап бере келе, мұнай бағасы өсімінің экономикалық салдарда болатынын атап өтті.Әскери қақтығыс — бұл әрқашан да өте жаман. Бірақ оның экономикалық салдары бар. Бұл жағдайда мұнай бағасының өсуі Ұлттық қор мен республикалық бюджет кірістеріне оң әсерін тигізеді, — деді Ұлттық банк төрағасы. 

Бұған дейін Израиль Иран мен Ливанға қайтадан соққы жасағанын хабарлағанбыз.    

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу