freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Талдықорғанда цех отқа оранды

Қоғам
Талдықорғанда цех отқа оранды
Фото: видеодан скрин

Талдықорған қаласында шыны пластик құбырлар өндіретін зауыт аумағында өрт шықты, деп хабарлайды Malim.kz.

Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жедел жетіп, цех ішінде диаметрі 2 метр, ұзындығы 15 метр болатын, шыны мақтамен қапталған үш құбырдың жанып жатқанын анықтады.

Құтқарушылардың шұғыл әрекеттерінің арқасында жалынның жарылыс қаупі бар шайыр ерітіндісі құйылған бөшкелерге таралуына жол берілмеді.

Өрт 50 шаршы метр аумақта оқшауланып, толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Оқиғаның себептері анықталып жатыр.

Бұған дейін Астанада шолу дөңгелегі өртенген еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу