Көпшіліктің сүйікті әншісі Бүркіт ас бөлмесінде жүрген видеосын жариялап, тамақ істеген сәтін көрсетті, деп хабарлайды Malim.kz.
Әнші әйелінің тамақ істемейтінін айтып, көпшілікке шағымданған. Сондай-ақ ол вегетариандарға үйленудің қажеті жоқ екенін айтып, кеңес береді.
Әйелім тамақ істемейді. Өзім істеп жатырмын. Мына жақта ет бар. Әйелің вегетариан болса қиын. Вегетариандарға үйленудің қажеті жоқ, - дейді Бүркіт.
Ал Бүркіттің жары Аиша еттен жасалған тағамдарды ешқашан пісірмейтінін атап өткен.
Фото: интернеттен