freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ташиев мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болған, сол үшін қызметінен алынды – қырғыз депутаты

Саясат
Ташиев мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болған, сол үшін қызметінен алынды – қырғыз депутаты
Видеодан кадр

Қырғызстанның Жоғары кеңесінің (Жогорку Кенеш) депутаты Эльвира Сурабалдиева қазақстандық журналист Нурсейит Жылкышыбайға берген сұхбат берді. Ол әңгіме барысында Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің бұрынғы төрағасы Камчыбек Ташиев мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетін ұйымдастырғаны үшін қызметінен босатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Депутаттың айтуынша, Ташиевтің бостандықта жүруі – президенттің кеңпейілдігінің көрінісі.

«Президент – кеңпейіл адам. Мүмкін, ол Ташиевті аяйтын шығар, себебі ол оның досы. Нақты білмеймін. Бірақ президентке қазір өте ауыр, өйткені оның көптен бергі досы оны қызметінен кетіруге тырысқан. Бәлкім, дәл осы жағдай Ташиевтің қызметтен босатылуына негізгі себеп болған шығар», – деді Эльвира Сурабалдиева.

Оның мәліметінше, бұл оқиғаларға дайындық ұзақ уақыт бойы жүргізілген. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүріп жатыр, ал кейбір күдіктілер ұсталып, тергеуге алынған.

«Бір қазанға екі қошқардың басы сыймайды» деген сөз бар. Бұл да соның бір көрінісі сияқты», – деп қосты депутат.

Еске сала кетейік, биыл ақпан айында Камчыбек Ташиев Қырғызстан ҰҚМК төрағасы қызметінен босатылған болатын. Оның өзі бұл шешімді күтпегенін айтқан.

Ал ел президенті Ташиевтің мемлекеттік қызметке енді қайтып оралмайтынын мәлімдеді.

Осыдан кейін Қырғызстанда ҰҚМК төрағасының бұрынғы орынбасары Даниэль Рысалиев ұсталды. Ол Ташиевтің қарамағында жұмыс істеген.

Кейін тағы бір бұрынғы орынбасар – Тимур Шабданбековтың да ұсталғаны белгілі болды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу