Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тәуелсіздік алғалы қанша қандас елімізге оралды

Қоғам
Тәуелсіздік алғалы қанша қандас елімізге оралды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1991 жылдан бері қанша қазақтың тарихи отанына оралғаны жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 7 353 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. 1991 жылдан бастап республикаға 1 миллион 135,7 мың этникалық қазақ оралды, - делінген хабарламада.

Жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (49,4 пайызы) ҚХР-дан, 6,3 пайызы Түркіменстаннан, 5,4 пайызы Моңғолиядан, 34,4 пайызы Өзбекстаннан, 3,2 пайызы Ресейден және 1,3 пайызы басқа елдерден келген.

1 маусымдағы жағдай бойынша еңбекке жарамды жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 59,1 пайызды, кәмелетке толмаған азаматтар 31,2 пайызды және зейнеткерлер 9,7 пайызды құрайды.

Білім деңгейі бойынша еңбекке жарамды жастағы қандастардың 16,9 пайызы жоғары білімі, 22,6 пайызы арнайы орта білімі, 55,3 пайызы жалпы орта білімі және 5,2 пайызы білімі жоқ.

Қандастарды қоныстандыру үшін мынадай еңбек тапшылығы бар өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Коллаж: Liter.kz 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу