ҚазТАГ басылымы Алматы облысының құрылыс басқармасы жариялаған байқауға назар аударыпты.
Алматы маңындағы аурухананы реконструкциялаудың жобалық-сметалық құжаттамасын жасауға бюджет 179 млн теңгеден астам қаржы бөлуге әзір екен.
Нысан - Өтеген батыр елді мекеніндегі "Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасына" қарасты "Облыстық клиникалық балалар ауруханасы" мемлекеттік мекемесі екен.
Байқауға құжаттардың тіркелуі қарашаның 18 мен 21 аралығында өтеді.