Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев елімізде той өткізудің жаңа форматын енгізу керек екенін айтып, бастама көтерді, деп хабарлайды Malim.kz.
"Дастарқанды қарайықшы, әйтеуір бәрі толу керек. Одан кейін 6 сағат отырамыз. Көп жағдайда дастарқан желінбей жатса, пакет таратылып, тамақты бәрі салып алып кетеді. Кейде ер азаматтар әйелдермен жанталасып салып жатады. Тамақ тұрғысынан да ысырапшылықты азайту керек", - деді депутат "Талқы" бағдарламасында.
Депутаттың айтуынша, тойға адам санын көбейту үшін алыс туыстарды шақыруды тоқтату керек.
Екіншіден, тойға 300-400 мың адам шақырылады, оның бәрін танымайсың ғой. Менің түсінігімде тек жақындар жиналуы керек. Ал біз апа-атаның көңілі қалмасын, ұят болмасын деп, 200-300 адам жинап отырамыз. Пандемия кезінде сабақ алмадық. Адамдар тығылып, 80-100 адамға той жасады, сол сақталып қала ма деп едім. Жоқ, қайтадан бұрынғы той жарысқа өтіп кеттік", – деген ол.