Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тойшыл Назарбаев коронавирусқа қарсы 150 миллион бөлді

Саясат
Тойшыл Назарбаев коронавирусқа қарсы 150 миллион бөлді

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ үндеуіне інісі Болат НАЗАРБАЕВ та құлақ түрді. Белгілі кәсіпкердің «Салиқалы ұрпақ» қоры коронавирусқа қарсы күреске 150 млн теңге аударды.

"Елбасының үндеуі қоғамның әрбір мүшесіне әсер етті. Біз барлық күш-жігеріміз бен мүмкіндіктерімізді Елбасының халыққа жолдауында көрсеткен әрбір тармағына қол жеткізу үшін жұмсаймыз", - деді қоғамдық қор басшысы Қасым Қасабеков.

tengrinews.kz сайтының жазуынша, қор өз жұмысын 2016 жылдың сәуір айында бастаған. Аз қамтылған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға жәрдемдеседі. Қазір қордың қамқорлығында 130 отбасы бар.

Болат ӘБІШҰЛЫ Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі. «Қазақмыс» компаниясы директорлар кеңесінің мүшесі. РБК банкте де  үлесі бар. Содай-ақ, ашық дереккөздерде Алматы облысындағы Ұзынағаш, Қаскелен ауданында таулы алқаптарды иелік ететіні жазылған. 80 мың гектар жері бар. Елбасының інісі көпшілікке той арқылы кеңінен танымал. 67 жастағы кәсіпкер үнемі балаларының тойын үлкен салтанатпен өткізіп тұрады.

Фото: alashainasy.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу