Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев әуе шабуылына қарсы қорғанысты күшейтуді тапсырды

Саясат
Тоқаев әуе шабуылына қарсы қорғанысты күшейтуді тапсырды

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады, деп хабарлайды Malim.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қорғаныс ведомствосының 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған қызметі туралы баяндалды.

Дәурен Қосанов:

армияның жауынгерлік дайындығы;

көктемгі әскер қатарына шақыру науқанының нәтижелері;

әскери-патриоттық тәрбие жүйесін жетілдіру,  әскери қызметшілерді әлеуметтік тұрғыдан қамсыздандыру шаралары жөнінде мәлімет берді.

Президент тапсырмаларының орындалу барысын жеткізді.

Атап айтқанда:

әскердің ұтқырлық деңгейін арттыру;

 әуе шабуылына қарсы қорғанысты күшейту, аумақтық әскер мен ұшқышсыз ұшатын аппараттар бөлімшесін, әскери инфрақұрылымды дамыту;

қорғаныс саласындағы мемлекеттік тапсырысты орналастыру мәселелері жөнінде ақпарат ұсынды.

Қасым-Жомарт Тоқаев:

Министрге Қарулы күштердің әскери әлеуетін одан әрі арттыру жөнінде бірқатар міндет жүктеді.

Әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, әскери қызметшілердің жарақат алу және жазым болу оқиғаларының алдын алуға бағытталған кешенді шаралар қабылдаудың маңыздылығына назар аударды.

Фото: Ақорда

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу