Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

Саясат
Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің жұмыс отырысы өтті, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Жиында тарифтік қақтығыстар салдарынан әлемдік нарықтағы жағдайдың өзгеруіне байланысты еліміздің іс-қимыл жоспары талқыланды.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің, сондай-ақ басқа да құзыретті органдар басшыларының баяндамалары тыңдалды.

Президент қазіргі жаһандық экономикадағы ахуалдың тұрақсыз сипат ала бастағанын, сондықтан кез келген жағдайға дайын болу қажет екенін атап өтті.

Кеңес отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы жұмыстың негізгі бағыттарын айқындады.

"Үкіметтің міндеті – халықтың әл-ауқатын, экономикалық өсім қарқынын және тартылатын инвестиция көлемін төмендетуге жол бермеу", – деді Мемлекет басшысы.

Фото: Ақорда

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу