Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев «Самұрық-Қазына» төрағасын қабылдады

Саясат
Тоқаев «Самұрық-Қазына» төрағасын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады. Кездесуде Нұрлан Жақыпов Мемлекет басшысына Қордың былтыр атқарған жұмыстарының қорытындысы және оны орта мерзімді кезеңде одан әрі реформалау жоспары жөнінде есеп берді.

Атап айтқанда, холдинг қызметінің басым бағыттары туралы баяндады.

Нұрлан Жақыповтың айтуынша, олардың қатарына инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, жоғары технологиялық өнім шығару, шетелден тікелей инвестиция тарту, Қор компанияларының экономиканы кросс-субсидиялаудан кезең-кезеңімен бас тартуы және «Самұрық-Қазына» компанияларының IPO-ға шығуы мен SPO кіреді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қор жұмысының негізгі бағыттары бойынша бірқатар міндет жүктеді.

 

Фото: ашық дереккөзден

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу