Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев Словакия Премьер-министрін Ақордада қарсы алды

Саясат
Тоқаев Словакия Премьер-министрін Ақордада қарсы алды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада елімізге ресми сапармен келген Словакия Премьер-министрі Роберт Фицоны қарсы алды.


Алдымен Қасым-Жомарт Тоқаев пен Роберт Фицо бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Осыдан кейін мәртебелі мейманның сапарына орай салтанатты рәсімдер залында сап түзеген құрмет қарауылының бастығы Мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді. Президент оркестрі екі елдің мемлекеттік Әнұранын орындады. 

Әнұрандарды тыңдап болғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Роберт Фицо кілемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына қарай жүрді. 

Оның алдына келгенде мейман тоқтап, басын сәл иіп, өзінің құрметін білдірді. Сонан соң мейман мен Президент құрметті қарауыл сапының бойымен жүрді. Құрметті қарауыл бастығымен қоштасты. 

Қазіргі уақытта жоғары деңгейдегі келіссөздер өтіп жатыр. Келіссөздер барысында Қазақстан Президенті мен Словакия Үкіметінің басшысы қазақ-словак серіктестігін кеңейту перспективасын талқыламақ.  

Фото: Ақорда 

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу