Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев Украинадағы жағдайға байланысты шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды

Саясат
Тоқаев Украинадағы жағдайға байланысты шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министрге, Президент Әкімшілігінің Басшысына және күштік құрылымдардың жетекшілері мен барлық әкімдерге Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты негізгі әскери және азаматтық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды Malim.kz.

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің жазуынша, Парламент палаталарының төрағалары қабылданып жатқан іс-қимыл туралы хабардар етілді.

Президент еліміздегі жағдайды өз бақылауында ұстап отыр.

Біздің еліміз үшін басты стратегиялық мақсат – тұрақтылықты, тыныштықты, заң мен тәртіп үстемдігін сақтау.

Қазақстан славян екі халық арасындағы қақтығысты келіссөз арқылы тоқтату қажет екенін бірнеше рет мәлімдеген болатын.

Айта кетейік, бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасаған еді.

Фото: Ақорда

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу