Путин Украинадағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

Арман Қайыпхан

  • 21.11.2024

Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы қақтығыстың ғаламдық сипатқа ие болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz Dalanews.kz сайтына сілтеме жасап.

Осылайша Ресей президенті Украинамен қазіргі қарым-қатынастың жағдайын сипаттады. Бұған дейін ол Украина 19 және 21 қарашада Курск және Брянск облыстарындағы нысандарға батыстық зымырандармен соққы жасағанын растаған еді.

Оның айтуынша, Ресей күштері бұған жауап ретінде соққы берген, оның ішінде тәжірибелік қару қолданылған. РФ “Орешник” ядролық емес гипердыбыстық баллистикалық зымыранмен Оңтүстік машина жасау зауытына және Украинаның қорғаныс-өнеркәсіптік кешенінің нысанына біріктірілген соққы жасаған.

Путин Ресей эскалацияға жауап беретінін және өзінің нысандарына шетелдік қаруды қолдануға рұқсат берген елдердің нысандарына қару қолдануға құқығы бар деп есептейтінін атап өтті.

Сонымен қатар, ол Ресей “Орешник” сияқты жүйелермен соққы жасайтын кезде Украинаның бейбіт тұрғындарына қауіпті аймақты алдын ала тастап шығуды ұсынатынын айтты.

Сондай-ақ Путин келесідей бірқатар мәлімдеме жасады: 

"Украина Батыстың алысты көздейтін зымырандарымен Ресейге соққы жасады"

"Курскі және Брянскі облыстарына қарата америкалық ATACMS-тар атылды. Бірақ олар көздеген мақсаттарына жетпеді. Біздің ӘШҚҚЖ қағып түсірді"

"Онан соң Ұлыбританияның алысты көздейтін Storm Shadow зымырандары атылды. Олар да нәтижесіз болды"

"Мамандар біледі. Бұл зымырандарды Батыстың, өндіруші елдің көмегінсіз ату мүмкін емес"

"Біз ескерттік. Алғаш рет заманауи һәм теңдессіз континентаралық “Орешник” балистикалық зымыранымен Украинаның Днепріне соққы жасадық. Бұл біздің жауабымыз!"

"Біз осы және осындай жаңа әрі заманауи зымырандарды қолданарда халыққа алдын ала ескертеміз!"

"Бұл жолы біз ядролық оқтұмсықтар қолданбадық".

Фото: видеодан кадр

Байланысты жаналықтар

Трамптың Украинадағы соғысқа қатысты жаңа ұстанымы: менің проблемам емес

21.05.2025

Еуроодақ Ресейге қарсы 130-дан астам санкциялық шара қабылдады

20.05.2025

Беларусь Солтүстік Кореямен ынтымақтастық орнатуда

19.05.2025

Трамп пен Путин Украина бойынша 2 сағаттан астам сөйлесті

19.05.2025

Зеленский Рим Папасымен кездесті

19.05.2025

АҚШ президенті Дональд Трамп Джо Байденге қолдау білдірді

19.05.2025
MalimBlocks
Трамптың Украинадағы соғысқа қатысты жаңа ұстанымы: менің проблемам емес

Еуроодақ Ресейге қарсы 130-дан астам санкциялық шара қабылдады

Беларусь Солтүстік Кореямен ынтымақтастық орнатуда

Трамп пен Путин Украина бойынша 2 сағаттан астам сөйлесті

Зеленский Рим Папасымен кездесті

АҚШ президенті Дональд Трамп Джо Байденге қолдау білдірді