АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп «Бейбітшілік кеңесін» ресми түрде құрып, оның төрағасы атанды. Давоста өткен шарада АҚШ президенті Кеңестің жарғысына қол қойды.
«Жарғы ресми түрде күшіне енді, енді Бейбітшілік кеңесі халықаралық ұйым ретінде ресми түрде құрылды», – деп мәлімдеді Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Левитт.
Жарғыға қол қою рәсіміне АҚШ-ты қоса алғанда 19 елдің көшбасшысы қатысты. Олардың қатарында Әзербайжан, Армения, Қазақстан, Өзбекстан, Пәкістан, Индонезия және Венгрия басшылары болды. Трамптың кеңесіне қосылуға келісім білдірген кейбір елдердің көшбасшылары қол қою рәсіміне қатысқан жоқ. Мәселен, Беларусь президенті Александр Лукашенко бұл жиында болған жоқ.
«Біз бүкіл әлемде бейбітшілік орнатамыз, және, Құдай қаласа, бұл барлығымыз үшін тарихтағы ұлы үлес болар еді. Бұл залдағы әрбір адам — жұлдыз, әйтпесе сіздер мұнда отырмас едіңіздер», – деді АҚШ президенті құжатқа қол қою рәсіміндегі сөзінде. Ол Бейбітшілік кеңесі БҰҰ-мен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейтінін айтып, Украинадағы қақтығысты шешу бағытында елеулі ілгерілеу бар екенін, Газа секторындағы қақтығыс аяқталуға жақын екенін, ал Иран келіссөздерге дайын екенін және АҚШ та оған әзір екенін мәлімдеді.
Осы орайда Ресей президенті Владимир Путин Палестина ұлттық әкімшілігінің басшысы Махмуд Аббасқа Ресейдің АҚШ-та бұғатталған активтерінен «Бейбітшілік кеңесіне» 1 миллиард доллар бөлуге дайын екенін айтты. Бұл қаражат палестин халқын қолдауға бағытталмақ. Путиннің айтуынша, бұғатталған активтерді «Бейбітшілік кеңесі» аясында пайдалану идеясы бұған дейін АҚШ-пен талқыланған