Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Трамп: Иран наразылыққа шыққандарды өлтірсе, АҚШ араласады

Әлем
Трамп: Иран наразылыққа шыққандарды өлтірсе, АҚШ араласады
Фото: Reuters

Дональд Трамп Иран билігіне АҚШ наразылыққа шыққандарға көмек көрсетуі мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Malim.kz.

Иранның көптеген қаласында үкіметке қарсы наразылықтар бесінші күн қатарынан жалғасып жатыр. Бұл — 2022 жылдан бергі ең ауқымды толқулар.

«Егер Иран бейбіт наразылық білдірушілерге оқ атып, оларды өлтірсе — бұл оның үйреншікті әрекеті — Америка Құрама Штаттары оларға көмекке келеді, — деп жазды АҚШ президенті Truth Social әлеуметтік желісінде. — Біз толық жауынгерлік дайындықтамыз».

Иранның Жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменейдің кеңесшісі Әли Лариджани бұған жауап ретінде Трампқа «сақ болу керек» екенін айтып, АҚШ шынымен араласса, бүкіл Таяу Шығыста бейберекетсіздік пен тұрақсыздық туындайтынын ескертті.

АҚШ президенті өз жазбасында нақты қандай қадамдарға баратынын айтпады. 2025 жылғы маусымда Трамптың бұйрығымен Америка Құрама Штаттары Иранның ядролық нысандарына әуе соққыларын жасаған болатын.

Иранда өмір сүру құнының күрт өсуіне қарсы бағытталған үкіметке қарсы наразылықтарда кемінде алты адам қаза тапты.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу