Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Трамп: Иранға соққы бермеу туралы шешімді өзім қабылдадым

Әлем
Трамп: Иранға соққы бермеу туралы шешімді өзім қабылдадым
Фото: © Getty Images / Andrew Harnik

АҚШ президенті Иранға әскери соққы жасамау туралы шешімін бұл елде наразылыққа шыққандарға қатысты өлім жазаларының тоқтатылғаны жөніндегі ақпаратпен байланыстырды, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Алайда Иран билігі мұндай деректерді ресми түрде растаған жоқ.

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға соққы жасамау туралы шешімді өз бетінше қабылдағанын айтты. Оның сөзінше, бұл шешімге ешкім қысым көрсетпеген.

«Мені ешкім көндірген жоқ. Мен өзімді өзім көндірдім», – деді Трамп сенбі, 16 қаңтар күні журналистерге.

Ол бұл шешіміне Иранда наразылық білдірушілерге қатысты өлім жазаларының тоқтатылғаны жөніндегі ақпараттың «үлкен әсер еткенін» атап өтті.

«Оларда дарға асу арқылы 800-ден астам өлім жазасы белгіленген еді. Бірақ олар ешкімді жазалаған жоқ. Өлім жазаларын тоқтатты», – деді Трамп.

Сонымен бірге, Reuters агенттігінің хабарлауынша, Иран билігі өлім жазаларының тоқтатылғаны туралы мәліметті көпшілік алдында растаған жоқ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу