Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Трамп пен Си Цзиньпин кездесетін болды

Әлем
Трамп пен Си Цзиньпин кездесетін болды

30 қазанда АҚШ президенті Дональд Трамп Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен кездеседі. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Левитт брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Кездесу АҚШ президентінің Азия турының соңғы күні өтеді. Тур Малайзиядан басталып, одан кейін Жапония мен Оңтүстік Кореяға жалғасады.

Кэролайн Левитттің айтуынша, Трамп сапар барысында Жапонияның жаңа премьер-министрі Санаэ Такаитимен де кездеседі.

Бұған дейін Дональд Трамп Қытай көшбасшысымен өтетін кездесуде екіжақты барлық мәселе бойынша, соның ішінде ядролық қару арсеналын қысқарту жөнінде де келісімге келуге үмітті екенін айтқан. Ол сондай-ақ Си Цзиньпин Украинадағы бейбіт процестің жүруіне ықпал ете алатынын атап өткен.

Айта кетейік, қазан айының басында Трамп 1 қарашадан бастап Қытай тауарларына қосымша 100% баж салығы енгізілетінін мәлімдеген. Осылайша жалпы тариф мөлшері 157%-ға жетеді. АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысының ушығуына криптовалюта нарығы бірден жауап берді: түнде Binance биржасында биткойн бағамы $105 мыңнан төмендеді. Bloomberg агенттігі хабарлағандай, бұл мәлімдеме акциялар мен мұнай нарығына да теріс әсер еткен.

Фото: АР

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу