АҚШ президенті Дональд Трамп Fox News телеарнасына берген сұхбатында Венесуэланы АҚШ-тың 51-штатына айналдыру мүмкіндігін «қарастырып жатқанын» мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.
Телеарна журналисінің сөзінше, америкалық көшбасшы «Венесуэла Трампты жақсы көреді» деп айтып, кейін елдің 40 триллион долларлық мұнай қоры бар екенін атап өткен.
Еске салсақ, Венесуэла президенті Николас Мадуро америкалық әскерилер тарапынан ұсталып, Нью-Йоркке жеткізілгені хабарланған болатын. Қазіргі уақытта ол қамауда отыр.
Қазір Венесуэланы президент міндетін атқарушы Делси Родригес басқарып отыр. Бұған дейін ол Николас Мадуро ұсталғанға дейін Венесуэланың вице-президенті қызметін атқарған.
Әскери операциядан кейін Дональд Трамп әлеуметтік желіде Венесуэла мұнайын сататынын және түскен қаржыны жеке өзі бақылайтынын мәлімдеген.