Бердібек Соқпақбаев – 100 жыл

Биыл ақын, жазушы, журналист Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы

Malim Админ

  • 27.07.2024

Бердібек Соқпақбаев (1924-1991)1924 жылы 15 қазанда Алматы облысының Нарынқол ауылында дүниеге келген. Ақын, жазушы, журналист. Балалар әдебиетінің классигі.  
Бердібек өскен отбасы өте кедей еді. Ол 8 жасында анасынан айырылды. Бала Бердібектің білімге деген құштарлығын ағасы Сатылған оятқан. Болашақ классик бала жастан аштық пен ауыр жұмыстан бастап түрлі қиыншылықты бастан өткерген. 
Мектептен және ФЗО-дан кейін ол әскерде қызмет етті. Одан кейін Алматыда Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетінде оқып (1945-1948), кейін туған ауылында екі жыл мұғалім болып жұмыс істейді. 1950 жылдан бастап Алматы қаласындағы «Пионер», «Қазақстан пионерлері» «Қазақ әдебиеті» газеттерінде, «Балдырған» журналында, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында қызмет етті. Кейіннен Соқпақбаев Мәскеудегі Жоғары әдеби курсты (1955-57) бітірген.
Бердібек Соқпақбаев жазушылық жолын 1950 жылы «Бұлақ» (Көктем) жыр жинағынан бастады. Одан соң оқырманына балалар мен жасөспірімдерге арналған 20-дан астам әңгіме, повесть, роман ұсынды. «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Бозтөбеде бір қыз бар», «Өлгендер қайтып келмейді» және «Қайдасың, Гауһар» секілді туындылары КСРО халықтарының және шетелдердің көптеген тілдеріне аударылып, сахналық, экрандық нұсқаға айналған. 1967 жылы Балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдердің Канн қаласында (Франция) өткен халықаралық фестивалінде «Менің атым Қожа» фильмі (Б.Соқпақбаевтың сценарийі) арнаулы жүлдеге ие болды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.
Шығармалары:
"Бұлақ" (1950) өлеңдер жинағы
"Он алты жасар чемпион" (1951)
"Бақыт жолы" (1952)
"Алыстағы ауылда" (1953)
"Балалық шаққа саяхат" (1960). "Балалық шаққа саяхат" атты повесі бойынша жазылған киносценарий де фильм ретінде түсірілді (1965).
"Дала жұлдызы" (1960)
"Аяжан" (1963, орыс тілінде 1965)
"Гауһар" (1966) повестерін жазды.
"Менің атым Қожа повесі" (1957) орыс, украин, француз, литва, латыш, өзбек тілдеріне аударылды. 1963 жылы "Қазақфильм" студиясы сол кітап бойынша жазылған киносценарийді экранға шығарды. "Менің атым Қожа" фильмі француздың Канн қаласындағы жастар мен балаларға арналған кинофильмдердің халықаралық фестивалінде (1967) арнайы сыйлыққа ие болды.
"Бозтөбеде бір қыз бар" (1958)
"Әпенденің айласы" (1960)
"Менің атым Қожа" (1967) т. б. драмалық шығармалар жазды
"Өзім туралы. Жекпе-жек" повесі  
Б.Соқпақбаевтың қырқыншы жылдардағы жастар өмірінен жазған "Өлгендер қайтып келмейді" романы (1940-1974) орыс тіліне аударылып басылды (1969)
 

Байланысты жаналықтар

«Табаннан өткен суық жаман болады». Ләйлә Сұлтанқызы жасөспірімдерге кеңес айтты

06.11.2024

Матаев мектебі

01.11.2024

«Сүйінші сұраймын»: Танымал тележүргізуші кітабын жарыққа шығарады

31.10.2024

Жаңа роман жарық көрді 

30.10.2024

Том-том жарысты кім тияр?

21.10.2024

Белгілі жазушы Бердібек Соқпақбаев

15.10.2024
MalimBlocks
«Табаннан өткен суық жаман болады». Ләйлә Сұлтанқызы жасөспірімдерге кеңес айтты

Тележүргізуші денсаулыққа мән беру керектігін еске салды.

Матаев мектебі

«Сүйінші сұраймын»: Танымал тележүргізуші кітабын жарыққа шығарады

Дина Төлепберген кітабына күйеуі туралы тың ақпарат жазған

Жаңа роман жарық көрді 

Том-том жарысты кім тияр?

Ептілер жазушы еңбегін әділ бағалаудан гөрі ебін тауып екі асағаннан аса алмай келеді

Белгілі жазушы Бердібек Соқпақбаев

Бүгін танымал жазушы, биыл 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде тойланып жатқан Бердібек Соқпақбаевтың (1924-2991) туған күні.