Түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүлен

Түріктің әлемге танымал діни ғұламасы, ойшыл, жазушысы, «Қызмет» қозғалысының негізін қалаушы Фетхуллаһ Гүлен 1941 жылы 27 сәуірде Түркияның Эрзрум өлкесінде дүниеге келген.

Malim Админ

  • 18.10.2024

Өмірінің соңғы жылдары Америкада өтті. Ұзақ жыл Сэйлорсбург қаласында, Пенсильвания штатында тұрды. Әлем бойынша ең ықпалды адамдардың тізіміне енген қайраткер мұсылман ғалымдар арасында беделі өте жоғары болды. Фетхуллах Гүлен АҚШ-та 1999 жылдан бері тұрған. 

Гүленді Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған 2016 жылғы 5 шілдеде өткен төікеріске қатысы бар деп айыптады. Бұған Гүлен «ақылға қонымсыз жала» деп жауап берді. Сол кезден бастап «Гүленшілер» атанған топ өкілдері Түркиядағы қуғынға ұшырады. Мыңдаған адам түрмеге қамалып, кейбірі амалсыз шетелдерге қашты.

Ердоғанның билікке келуіне Гүленнің ықпалы болды деген сөз бар. Өйткені, екеуі әуел баста бір топтың адамы болған. Билікке жеткен соң, Режеп Тайып Ердоған бұрынғы одақтастарынан сырт айналып, олардың ұйымын «көлеңкелі мемлекет» деп атады. Террористік ұйым деп, ресми түрде шектеу қойды.

Әлемнің көптеген елінде ашылған Түрік лицейлері осы Гүленнің идеясынан туған делінеді.  2016 жылы Қазақ-Түрік лицейлері (КТЛ) жабыла ма деген сұрақ туған. Қазақстан тарапы лицейдің атын Білім-Инновация лицейлеріне (БИЛ) өзгертіп, сақтап қалды.

Ф.Гүленнің көптеген кітаптары қазақ тіліне аударылып, таратылды.