Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы

Ұлт ұстазы, Алашорда көсемдерінің бірі, «Алаш» партиясының негізін қалаушы тұлғалардың бас идеологы, қазақтың тұңғыш газетасы «Қазақты» шығарушы, алғашқы Бас редакторы, «Әліппе» оқулығын құрастырушы, қазақтың төл әліпбиін жасаушы Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйекте Торғай уезін Ақкөл ауылында туған. 1938 жылы «Халық жауы» деген жаламен атылды.

Malim Админ

  • 05.09.2024

1891 жылы Торғайдағы Ы. Алтынсарин ашқан 2 сыныптық орыс-қазақ училищесін, 1895 жылы Орынбор мұғалімдер мектебін бітірген.1895 жылдың маусымынан Ақтөбе уезі Бестамақ болысындағы Арынғазы мектебінде, 1896 жылдың көктемінен Қарабұтақ 2 сыныптық орыс-қазақ училищесінде мұғалім. 1897 жылдан Қостанай уезі Аманқарағай болысы 2-ші ауылындағы Әулиекөл болыстық мектебінің, Қостанай педагогикалық класының мұғалімі.

1902 жылдан бастап Омбыда, Ақмола, Семей облыстары халық мектептері директорының ісжүргізушісі, Қарқаралы орыс-қазақ училищесінің меңгерушісі. «Қарқаралы құзырхатын» ұйымдастырушылардың бірі. 1913 жылы Ә.Бөкейхан, М.Дулатовпен бірге «Қазақ» газетін ашып, сол арқылы Алаш қозғалысының идеяларын насихаттады. Патша жарлығына байланысты 1916 жылы тамызда Торғай, Орал, Ақмола, Жетісу облыстары өкілдерінің Орынбордағы кеңесін ұйымдастырушылардың бірі. Торғай облыстық І қазақ сиезін ұйымдастырушылардың бірі және осы сиезді ашқан. Торғай облыстық азаматтық, қазақ, Алаш комитеттерінің мүшесі. І жалпықазақ сиезінде Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа ұсынылып, «Алаш» партиясының тізімі бойынша №1 Торғай округынан мүшелікке сайланған. І, ІІ жалпықазақ сиездерін ұйымдастырушылардың бірі. 1917 жылғы қарашада Орынборда құрылған «Алаш» партиясының Торғай облыстық комитеті төрағасының орынбасары болған. ІІ жалпықазақ сиезінде Алашорданың оқулық комиссиясының мүшесі. 1918 жылы Алашорданың Торғай облыстық әскери кеңесінің мүшесі. 1918 жылдың жазында Алашорда делегациясын Қытайдың Шәуешек қаласына бастап барған. Кеңестік кезеңде 1919 жылы ұлттың болашағы үшін кеңестер жағына шығып, Қырғыз өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет төрағасының орынбасары болған. Аса ірі қайраткерлігі 1919-20 жылдары кеңестік билік көсемдерімен келіссөздер барысында ерекше байқалды. Келіссөздер нәтижесінде қазақ жерінің тұтастығын сақтауға, Қазақ Кеңестік Социалистік Автономиялық Республикасының құрылуына тарихи шешуші рөл атқарды. Кеңестік кезеңде Қазақ АКСР Халық ағарту комиссары, Академиялық орталықтың жетекшісі. Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының төрағасы. 1921-29 жылдары Орынборда, Ташкентте, Алматыда оқытушылық қызмет атқарған. «Қырық мысал», «Маса» жинақтары, мақалалары қозғалыстың рухани-мәдени өрістеуіне зор ықпал етті. «Қырғыздар және революция», «Қазақ қалам қайраткерлері жайынан» мақалаларында большевиктік биліктің зорлықшыл, бейгуманистік әрекеттерін сынады. Көркем, ғылыми, публицистикалық,аударма еңбектердің авторы. Оқулықтары, оқу құралдары, ғылыми еңбектері арқылы жалпы ұлттық ғылымның қалыптасуына және қайраткерлігі арқылы Алаш қозғалысының тууына, өрістеуіне ұлттық, мемлекеттік сананың қалыптасуына ерекше тарихи шешуші ықпал жасады.

Оның өмірі қуғын-сүргінмен, аңдумен, айдаумен өтті. Бірнеше мәрте тұтқындалып, Ресей патшалығының да, Кеңес одағының да қырына ілікті. Ақыры Алматыда тұтқындалып, өлім жазасына кесілді.

Қазір елімізде Ахмет Байтұрсынұлы атында көше, мектеп, университет, институттар жұмыс істейді. Алматыда Ахмет Байтұрсынұлы музейі бар.

Байланысты жаналықтар

Қазақтар ғана бір-бірінің үстінен арыз жазды деу қате пікір

13.11.2024

Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдері

18.07.2024

Павлодар әуежайына Қаныш Сәтбаев есімі берілсін

16.02.2023

Арыстардың көзі «ойылған».  Діни басқармаға бәрібір

21.11.2022

Қостанай халықаралық әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді

28.06.2022

Ахмет мерейтойына не дайындап жатырмыз? Кино, сериал, академиялық жинақ...

18.08.2021
MalimBlocks
Қазақтар ғана бір-бірінің үстінен арыз жазды деу қате пікір

1922 жылға дейін Әлихан тек қазақ және орыс тілін білген. Ол кезде оның жасы 50-ден асқан еді. Логикаға салсақ, осыдан кейін 9 тіл біліп кетуі де екіталай ғой.

Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдері

Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйекте қазіргі Жангелді ауданы, Қостанай облысында дүниеге келген. 1937 жылы 8 желтоқсанда Алматы қаласында қаза тапқан. Ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.

Павлодар әуежайына Қаныш Сәтбаев есімі берілсін

Бүгін Сенаттың әлеуметтік мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына орай үкіметке ұсыныс жасады.

Арыстардың көзі «ойылған».  Діни басқармаға бәрібір

«Бастысы, намазға тұрғанда кисе мәкрүһ болады» деді ол.

Қостанай халықаралық әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді

Қостанай қаласының халықаралық әуежайына Ахмет Байтұрсынұлы есімі берілді.

Ахмет мерейтойына не дайындап жатырмыз? Кино, сериал, академиялық жинақ...