Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Түркістан облысында бір отбасының үш адамы иіс тиіп көз жұмды

Оқиға
Түркістан облысында бір отбасының үш адамы иіс тиіп көз жұмды
ШҚО ТЖД

Түркістан облысы Ордабасы ауданы Шұбарсу ауылындағы жеке тұрғын үйде бір отбасының үш мүшесі улы газдан қаза тапты. Олардың бірі - анасы, екеуі - бала. Зардап шеккен тағы бір бала бүгін ауруханадан шығарылды.

 Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, төрт адам уланған. Олардың үшеуі оқиға орнында көз жұмды. Аман қалған бір бала бірден жан сақтау бөліміне жеткізілген.

– Алдын ала мәліметтерге қарағанда, оқиға қатты отынмен жұмыс істейтін жылыту пешін пайдалану ережелерінің бұзылуынан болған. Нақтырақ айтқанда, түтін шығару арнасы тазаланбаған. Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп, болған жағдайдың барлық мән-жайы анықталып жатыр, – деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.

Бұдан бұрын Кентауда газ жарылысынан 1 адам қаза тауып, 4 адам ауруханаға жеткізілгенін жазған едік. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу