Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Түркістан облысында полицейлер жаппай тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Қоғам
Түркістан облысында полицейлер жаппай тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Әлеуметтік желілерде тараған мәліметтерге сәйкес, Түлкібас аудандық полиция бөлімінің және Түркістан облыстық полиция департаментінің 28 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылып, бірқатары қатаң сөгіс алған, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл жағдайға қатысты Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдіріп, Ішкі істер министрлігі мен департамент басшылығының нұсқауына сәйкес қызметтік тексеріс жүргізілгенін хабарлады.

Қызметтік тәртіпті бұзу және жұмысындағы елеулі кемшіліктер үшін бірнеше қызметкер тәртіптік жазаға тартылды. Заң бұзушылықтың алдын алу және қызметтік тәртіпті нығайту бағытында жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп келеді, - делінген ведомство хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысының Келес ауданында білім бөлімінің қаржысын жымқыру дерегіне қатысты сот үкімі шыққаны хабарланған болатын.

Фото: polisia.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу