Түркістан облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы ҰҚКД-мен бірлесіп, құқыққа қайшы әрекеттер жасады деген күдікпен аудандық полиция бөлімінің қызметкерін ұстады., деп хабарлайды Malim.kz.
Бұл оқиғаға қатысты Түркістан облысы Полиция департаменті ресми түсініктеме берді.
- Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факт бойынша болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Осы ретте Полиция департаментінде тәртіптік комиссияның отырысы өткізіліп, оның шешімімен қызметкер теріс себептермен ішкі істер органдарынан шығарылды, - делінген ресми хабарламада.
Сондай-ақ басқа жауапты лауазымды тұлғаларға қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.
- Өңірдің Полиция департаменті өз қатарларын мұндай арам пиғылды қызметкерлерден тұрақты негізде тазарту, қызметтік тәртіпті нығайту және жеке құрам арасында заңдылықтың мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды үздіксіз және жүйелі түрде іске асыратынын мәлімдейді, - делінген облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.