Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Түркістанда полиция кісі өлтіруге оқталған күдіктіні ұстады

Оқиға
Түркістанда полиция кісі өлтіруге оқталған күдіктіні ұстады

Түркістан облысында криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде кісі өлтіруге оқталу дерегіне қатысты күдікті жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Malim.kz. 

Ер адам бұл әрекетін мойындады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды және қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. 

Күдікті қамауға алынды. Естеріңізге сала кетейік, күдікті тұрмыстық жанжал кезінде өзінің бұрынғы жездесіне пышақ сұғып, қашып кеткен. 

Оны іздеуге Түркістан полициясының барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Қазіргі уақытта оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.  

Тергеу мүддесіне орай өзге де ақпараттар жария етуге жатпайды.

Фото: Polisia.kz 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу