Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Түркияда ем қабылдап жатыр: Төреғали Төреәлінің жағдайы белгілі болды

Шоу-бизнес
Түркияда ем қабылдап жатыр: Төреғали Төреәлінің жағдайы белгілі болды

Денсаулығына байланысты концерттері кейінге шегерілген белгілі әнші Төреғали Төреәлінің қазіргі жағдайы туралы мәлімет пайда болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Той ұйымдастыру орталығының директоры Әділет Байнашов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында әншімен сөйлескенін жазып, жұртты қуантқан жаңалықпен бөлісті.

«Әлемде ешкім ауырмасыншы. Төреш хабарласып, бір жарым сағат сөйлестік. Сағынғаннан екеуміздің де көңіліміз босап қалды. Қазір Түркияда ем қабылдап жатыр екен. Алла шипасын берсін! Дәрігерлердің айтуынша, жағдайы жақсарып қалыпты. Елге аман-есен оралсын», – деп жазды арт-директор.

Еске салайық, осы жылдың наурыз айында Төреғали Төреәлінің Астана, Алматы, Шымкент және Тараз қалаларында өтуі тиіс концерттері кейінге шегерілген болатын. Бұл өзгерістер әншінің денсаулығына байланысты жасалған.

Фото: әлеуметтік желі

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу