Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Түркияда нәрестелерді өлтіріп келген қылмыстық топ ұсталды

Қоғам
Түркияда нәрестелерді өлтіріп келген қылмыстық топ ұсталды

Түркияда бірнеше жылдан бері жаңа туған нәрестелерді өлтіріп келген қылмыстық топ мүшелері ұсталды, деп хабарлайды Malim.kz Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Негізінен дәрігерлерден құралған топ жаңа туған сәбилерге жалған диагноз қойып, жұқпалы вирус егіп, оларды жансақтау бөліміне жатқызып отырған.
Осылайша мемлекеттік медициналық сақтандыру бойынша қомақты қаржы бөлдіртіп, оған қоса ата-аналардан да ақша алған.
Бүгінге дейін бұл қылмыскерлердің қолынан 20 нәрестенің өлгені анықталды. Тағы ондаған сәби мүгедек болып қалған. «Нәрестелер ісі» деген атпен тергеліп жатқан қылмыстық іс бойынша 10 жекеменшік аурухана жабылды.
Қылмысқа қатысы барларға 10 жылдан бастап өмір бойы бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза беріледі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу